Бүгін колледжімізде облыстық АТТ мүшесі Айбек Танатбаев «Қазақстан — зайырлы мемлекет» тақырыбында мазмұнды әңгіме өткізді. Кездесу барысында студенттер еліміздің зайырлылық қағидаттары, дін мен мемлекеттің өзара қатынасы туралы маңызды ақпарат алды. Шара жастардың азаматтық көзқарасын қалыптастыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Қазақстан – зайырлы мемлекет









