Қараша айынының 23 -30 аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарының аптылығы өткізілді. Осы апталықтың жоспарына сай арнаулы пәндер оқытушысы Ергазина Б.К. «Білім алушыларды табиғатпен таныстыруда көрнекі бейнелі ойлауын қалыптастыру жолдары» тақырыбында ашық түрде шебер сынып ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты білім алушылардың білімдері мен біліктіліктерін ұштастыру, өзара тәжірибе алмасу, мақсатқа бағытталған көрнекі ойлауын дамытып, іскерлік дағдыларын қалыптастыру болды. 3мдт-16 және 1мдт-24 тобының білім алушылары өзара тәжірибе алмасып, шығармашылық қабілеттерін арттырды.Шебер сынып «Мен қандаймын?» жаттығуымен бастылып, мына бағдарлама бағыты бойынша өрбіді.
І тур. Тақырып бойынша билборд жасау және оны қорғау (10 мин)
ІІ тур. Конверт таңдау арқылы логикалық есептерді шешу. (5 мин)
ІІІ тур. «Жыл мезгілдер» ноутбугін әр топ өз ойларымен құрастыру және талдау. (10мин)
ІҮ тур. Табиғатқа байланысты ырым – тыйымдар. (әр топқа 3 суреттен)
Ү тур. Тілек «қуыршағын» жасау ( 5 минут ).