Қостанай гуманитарлық колледжде Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» арнайы жобалардың қатарында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бастамасы, оның маңызды ерекшелігін әдебиет сабақтарында таныстыру, саралау, түйін шығару арқылы танысуда. Қараша айынан бері колледж кітапханасында кітапхана меңгерушісі Жанатаева З.И. ұсынысымен III, II, I курс студенттеріне үш практикалық сабақтары өтті. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісіміз ден озып жүруі, жаңғырып отыруы тиіс. Алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әр түрлі тілден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасайтыны айтылды.
Бүгінгі күні бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да, ауадай қажет . Қостанай гуманитарлық колледжде тарих пен құқықтану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасалуда. Жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелестікке қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналады. Осылайша болашақтың негізі білім ордаларының аудиторияларында қаланады.
Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы Қостанай гуманитарлық колледжде қолға алынды.
Қостанай гуманитарлық колледжд қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Жарасбаева Ж.Е.