Қостанай гуманитарлық колледжінде «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс әрекет » атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қостанай Мемлекеттік Университетінің профессоры Жақыпов Қалқаман Хасенұлы мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің оқу орталығы Қостанай қаласының Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының инспекторы майор Гүлбану Есенбайқызы Достиярова қатысты. Қатысушылар қәзіргі таңда діни экстремизм мен терроризмнің әлемге төндірер қаупі жайында ,және әлемнін әр түпкірлері мен Ресейдегі және Қазақстанда орын алған жарылыстар туралы айтылды.Зұлым пиғылды экстремистік топтарды ажырата білу үшін адамдардың сауатты болуы аса маңызды керек екендігі. Осындай іс-шаралар өткізу маңызды екендігіне тоқталды. Студент жастар өз ойларымен бөлісе отырып,тақырып бойынша сұрақтарға талдау жасады.Дөңгелек үстел барысында «Экстремизм дегеніміз не» деген арнайы видеоролик көрсетілді. Дөңгелек үстелдің модераторы Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер цикілінің оқытушысы Тортаева Дәметкен Жұмағұл қызы және 1 курс студенттері қатысты Іс-шара мақсаты –қоғамға іріткі салушы экстремизм мен терроризмді тамырымен жою,болдырмау,алдын алу,әсіресе жастар арасында бұл зұлымдықтардын қаупін,келтірер залалын ашып түсіндіру.