Қостанай гуманитарлық колледжіңде ҚР Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы 1-2 курстар арасында қызу талқыланды. Мақала кіріспеден, екі ірі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Мақалада алты ірі жаңа жоба ұсынылып отыр. Олар қазақ тарихын зерттеуге және Қазақстан мәдени мұраларын насихаттауға бағытталған. Шын мәнінде, біздің Ұлы даламыздың ғалам мәдениеті мен өркениетінде өзіндік ойып алар орны бар екені рас.
Елбасы еңбегініне шолу жасай келіп, онда көтерілген негізгі мәселелерге тоқталды. Талқылау барысында қатысушылар «Негізгі орта білім беру» мен «Мектепке дейіңгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2-курс студенттері: Кеңшілік Б, Ибраева А,РахымТ, ӘлмұхамбетоваК, МырзабековаБ, БалтаГ, МухамбетқалиеваД, Нұрмұханбетова Г,Наурызбаева З,тб «Ұлы даланың жеті қырлары: атқа міну мәдениеті, ұлы даладағы ежелгі металлургия, аң стилі, алтын адам, Түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, Қазақстан – алма мен қызғалдақтың Отаны екендігі, Ұлы дала өркениетінің бүкіл адамзаттық өркениетте алатын орны туралы, біздің бабаларымыздың кеңістік пен уақыт тоғысқан жерінде Ұлы дала өркениетін қалыптастырғандығы, олардың Мысыр, Қытай, Үндістан, Рим елдерімен өркениеттік негізде сауда-саттық, қарым-қатынас орнатып, адамзат тарихында із қалдырғандығы» туралы айтып өтті. Көне түркілердің жеті санын қасиетті санайтыны, көкті – жеті аспанға, текті – жеті атаға, байлығы мен мұрасын жеті қазынаға балайтындығы Ұлы даланың өркениеттілігін көрсетеді деп қорытындылады қатысушылар. Бүгінде білім алушылардың барлығы жаппай Елбасы еңбегін оқып, оны бірауыздан қолдап отырғанын атап айтты.
Қостанай гуманитарлық колледжінің
тарих және қоғамдық пәндердін оқытушысы:
Досмағанбетов С.Ж.