Наурыз айының 15 –інде колледжімізде  «ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ КӨПТҮРЛІЛІГІ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбына шебер-сынып өтті.

Наурыз айының 15 –інде колледжімізде  «ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ КӨПТҮРЛІЛІГІ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӘСІБИ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗІ» тақырыбына шебер-сынып өтті.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Н.Құлжанова атындағы торғай гуманитарлық колледжі» және «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі бірлесе жасалған меморандум аясында өткен шебер-сыныптың мақсаты, болашақ педагог мамандарға білім, білік дағдыларды оқыту, озық педагогикалық іс тәжірибелерді талдай отыра және оқыту әдістерінің тиімділігін пайдалану арқылы кәсіби іс әрекетке дайындау, кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің теориялық негізін нақтылау көзделді.  Сонымен қатар педагогика тарихындағы әдіс-тәсілдерді шолу жасау арқылы, нақтыланған әдістерге тоқталу болды.

Шебер-сыныпта елеулі және тиімді педагогикалық оқыту әдістеріне талдау жасалып, өнерлі шәкірттермен шығармашылық тұрғыда пікір-сайыстар, сыни ойлау тұрғысынан өрелі студенттердің ой-пікірі тыңдалып, және ақпараттық коммуникациялық технологиялық құралдарды пайдалану арқылы болашақ педагог мамандарды кәсіби дайындығын нығайтуға бағытталған көркем дидактикалық құралдар пайдаланылды. Болашақ педагог мамандарды кәсіби іс әрекетке дайындауда арнайы кәсіби пәндерде көптүрлі оқыту әдістерін кірістіруде ұсыныстар жасалды.

Тыңдармандар аудиториясы:   Қатысушылар: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы «Н.Құлжанова атындағы торғай гуманитарлық колледжі» оқытушылары және студенттері (онлайн форматта) және Қостанай гуманитарлық колледжі мекемесі оқытушылары және студенттері (оффлайн форматта) қатысады.

Оқытушы: Кенжесариева Ф.А. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» циклдік комиссиясының оқытушысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған