Республика күні – мемлекетіміздің символы

«Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» НАО және «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесімен ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру мақсатында университет қабырғасында «Республика күні – мемлекетіміздің символы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамы». Бұл іс-шараға оқытушылар құрамы, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, студенттер қатысты.
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Декларация Қазақстан мемлекеттілігінің тәуелсіздігінің негізін қалады. Сондықтан бұл күн мемлекеттік мереке болып бекітілді. Бірақ 2009 жылы өзгерістер еңгізіліп, оған сәйкес Қазақстанда Республика күнін тойлау анықтады. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, оған сәйкес Республика күніне-ұлттық мерекесі мәртебесі оралды
Бұл шараға «Құқықтану» мамандығының 3 курс студенттері қатысты.
Қатысушы 15 адам

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған