Республикалық конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Қостанай облысы бойынша “Өрлеу” филиалында өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 10 қараша күні Республикалық конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі Қостанай облысы бойынша “Өрлеу” филиалында өтті.
Өзінің құттықтау сөзінде Қостанай “Өрлеу” филиалының директоры/педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Слесарь Марионелла Васильевна аталмыш конкурстың біріңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық- коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыруға бағытталғандығына ерекше тоқталды.
Конкурс 22 номинация бойынша өткізілді, облыстың 411-ден астам педагогі қамтылды, жеңімпаз мұғалімдердің 20 бейне-сабағы анықталып, олар конкурстың республикалық кезеңіне жіберілді.
Қостанай облысы іріктеуден үздіктер қатарынан көрінген Қостанай гуманитарлық колледжіміздің орыс тілі және әдебиет пәнінің оқытушысы Мешелова Роза Жарасбаевна республикалық байқауының облыстық кезеңінде жүлделі 3 орынға ие болды. Роза Жарасбаевнаны колледж әкімшілігі және оқытушылар қауымы атынан құтықтаймыз. Жеңімпазды құттықтай отырып, конкурстың республикалық кезеңінде жарқын жеңіс пен сәттілік тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған