«Қостанай қызмет көрсету саласы колледжі» КМҚК-да колледж түлектері үшін Қостанай облысы ТЖД өкілдерімен кездесу өтті. Жас жігіттер үшін қызметке кіру, мемлекет әскери қызметшілерге берген кепілдіктер мен өтемақылар бойынша түсіндірме әңгіме өткізілді. Сондай-ақ студенттер үшін Төтенше жағдайлар Департаментінің қызметі туралы бейнеролик көрсетілді. Жастар қойған сұрақтарға толық жауап алған.
Студенттердің Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен кездесуі.
