Қазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Қазіргі таңда студенттерге берілетін білімнің сапасын, білім алушылардың дарындылығын арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар жүргізілуде. Солардың ішінде студенттер арасында өткізілетін пәндік олимпиаданың алар орны айырықша.
«Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған «Қазақстан тарихы,қазақ тілі мен әдебиеті,русский язык и литература,казахский язык и литература,математика,информатика,химия мен биология,ағылшын тілі»пәндері бойынша республикалық қашықтық олимпиада да Қостанай гуманитарлық колледжі мекемесінің оқытушылары мен оқушылары қатысып жүлделі орындарға ие болды.
Пәндік олимпиада – студенттің білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы. Ол білім алушының пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.
Олимпиаданың мақсаты студенттердің кәсіптік шеберлігін көтеру, қабілет-қарымдарының өлшем деңгейін анықтау, ғылым саласына бейімділерді іздестіру, оқытушылардың студенттермен қарым-қатынасының, шығармашылық байланысының талапқа сәйкестігін дәлелдеу болып табылады. Республикалық пәндік олимпиада қорытындысы бойынша қатысушы 1-орын- 47 студент, 2-орын -27 студент, 3-орынды-10 студент қанжығасына байлады.
Олимпиадаға қатысушы студенттер сертификаттар және жетекшілер арнайы «Алғыс хаттармен» марапатталды.
Жалпы білім беру цикілдік комиссия төрағасы:Досмағанбетов.С.Ж.