Ынтымақтастық туралы меморандумды жүзеге асыру аясында «Қостанай гуманитарлық колледжі» Мекемесінің «Құқықтану» мамандығының 3 курс білім алушылар оқытушылары Б.К.Султановамен, Б.Т.Кулжановамен бірге Қостанай облыстық сотында болды.
Қостанай облыстық сотының мәжіліс залдарымен танысқан білім алушылар сот отырыстарын аудио-бейне жазбаны қолдану арқылы соттың жұмысын, сот талқылауының тәртібі мен мерзімін нақты көруге мүмкіндік алды.
Кездесу соңында оқытушылар мен білім алушылар жылы қарсы алған сот басшылығына алғыстарын білдірді.