Бүгін, 2023 жылғы 14 желтоқсанда ынтымақтастық туралы шартты іске асыру және дуальды оқытуды іске асыру шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығының 2 курс білім алушылары «Сәби МДО медицина қызметкерлерінің ата-аналар Одағы» балабақшасында болды.
Студенттерге болашақ мамандыққа кәсіби және психологиялық дайындық мақсатында балабақша меңгерушісі Дутченко Марина Сергеевна балабақшаға экскурсия жүргізіп, ұйымның қызметі туралы айтып берді.
Білім алушылар болашақ тәрбиеші мамандығы бойынша үлкен қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.