«Заманауи мектепке дейінгі білім беру: тәжірибе, мәселелері, даму жобасы» тақырыбындағы ғылыми – практикалық семинар бойынша есеп беру. 2017 ж. 15 ақпан күні Қостанай гуманитарлық колледжінде «Заманауи мектепке дейінгі білім беру: тәжірибе, мәселелері, даму жобасы» тақырыбында ғылыми – практикалық семинар өтті. Семинар жалпы ойдағыдай өтті. Сағат 9:00 ден басталып, сағат 13:00 де аяқталды. Семинар қонақтарды тіркеуден басталды. Жалпы келген қонақ саны 93 адам. Cеминар қатысушылары МДҰ тәрбиешілері мен әдіскерлері. Ғылыми-практикум қатысушылар сертификат пен және дипломдармен марапатталды.