2023 жылдың 15 қарашасы күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрлар даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау. Сапалы маман даярлауда оқу орны мен жұмыс беруші кәсіпорын арасындағы серіктестік қызметті дамыту мақсатында «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», «Құқықтану», «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтар бойынша Жұмыс берушілер күніне орай ұйымдастырылған іс-шара өтті.
Іс-шараға арнайы қалалық және аудандық жалпы білім беретін мектеп директорлары мен директордың орынбасарлары, балабақшалардың меңгерушілері мен тәрбиешілері және мемлекеттік органдардар шақырылды.
Колледж бен серіктестік арасындағы ынтымақтастықтың арқасында білім алушылар теорияны практикамен ұштастырып, таңдаған мамандығын тәжірибеден өту барысында болашақ маман ретінде пайдалана алуға бейімделді.