Ашық есік күні.

“Қостанай Гуманитарлық колледжі” мекемесінің 2 курс білім алушылары Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Ашық есік күні іс-шарасына қатысты.
Іс-шара аясында білім алушылар Департаменттің жұмысымен, оның құрылымымен және негізгі функцияларымен танысты. Студенттерге департамент қызметкерлерімен әңгімелесуге, қызықтырған сұрақтарын қоюға және Мемлекеттік кірістер саласындағы жұмыстың ерекшеліктері туралы білуге мүмкіндік берілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *