📌 «Заң және тәртіп» айлығы аясында
«Адал азамат» Бірыңғай тәрбие бағдарламасына сәйкес
«Менің құқықтарым – менің жауапкершілігім» атты іс-шара өтті ⚖️
👮♂️ Іс-шара барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері білім алушылармен кездесу өткізіп,
📖 құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🛑 Кездесудің басты мақсаты —
🔹 құқықбұзушылыққа
🔹 буллингке және кибербуллингке
«нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру,
🔹 жастардың өз құқықтары мен міндеттерін білуіне ықпал ету.
🤝 Білім алушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, заңды сақтау — әр азаматтың ортақ міндеті екенін түсінді.





