«Серіктестік алаңы» жобасы аясында Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 2-3 курс білім алушылары онлайн форматта «Қостанай Гуманитарлық колледжі» мекемесіне «Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері» тақырыбында іс шара ұйымдастырды.
Іс-шара барысында 2 тапсырма орындалды:
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға әдіс-тәсілдер көрсету;
2. Инклюзивті балаларға арналған психологиялық ойындар
Екі колледждің білім алушылары да өздеріне берілген тапсырмалар бойынша әдіс-тәсілдер мен психологиялық ойындардың түрлерін көрсетті.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп интернатының психологі Нағашыбай Жанайым Қасқырбайқызы және дефектологі Амирова Гулим Досымбековналар білім алушыларға мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін әдіс-тәсілдер мен атқарылатын жұмыстар туралы мәліметтер берді.
Алдағы оқу жылында да серіктестігіміз жалғасын табады деген сенімдеміз.