ҒЫЛЫМИ САЯХАТ

“Ғылыми саяхат” халықаралық дәрежедегі конференциясына қатысу.
22 сәуірде Қостанай ауылшаруашылық колледжінің базасында халықаралық «ҒЫЛЫМИ САЯХАТ» республикалық ғылыми фестивалі өтті.
Ғылым жетістіктерімен танысу, пікір алмасу, тиімді ынтымақтастық және оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін дамыту мақсатында өткен конференцияға Қостанай гуманитарлық колледжінің оқытушылары мен студенттері қатысты. Конференцияға қатысқан алты қатысушының екеуі құрметті бірінші орындарға ие болды: Алена Блинова (3НОБ-12 тобының студенті), Бүркітбай Шыңғысхан (2НОБ-13 тобының студенті), жетекшісі Нұржан Гүлжанат Түйебайқызы, арнайы пәндер оқытушысы. Қалғандары конференцияға қатысушылардың номинациялары мен сертификаттарын алды. Конференцияға қазылар алқасының мүшесі ретінде колледждің 2 оқытушысы қатысып, әріптестерінің жұмыс тәжірибесін зерделеу арқылы кәсіби құзыреттілігін кеңейту мүмкіндігін оң бағалады.
Шара жоғары деңгейде өтті, ұйымдастырушыларға рахмет! Ал қатысушылардың осы жетістіктермен тоқтап қалмай, биіктен көрінулеріне тілектеспіз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған