«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті»

Колледжде «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық жобасының колледжішілік кезеңі өз мәресіне жетті.
Байқау барысында қатысушылар бейнеролик, мотивациялық хат және өз жобаларының презентациясын ұсынып, өз жетістіктерін, көшбасшылық қабілеттерін, шығармашылық әлеуеті мен белсенді өмірлік ұстанымдарын көрсетті.
Колледжішілік кезеңнің қорытындысы бойынша өңірлік кезеңде колледж намысын қорғайтын үміткерлер анықталды. Студенттерімізге байқаудың келесі кезеңінде сәттілік пен жеңіс тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған