“Қостанай гуманитарлық колледжі” мекемесінде Абай Құнанбайұлының жолын жалғастырған Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған “Қазақ әдебиетінің ақ сұңқары” әдеби кеші өтті. Іс-шараның мақсаты-қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткерімен, оның поэзиясымен танысу; Қазақстан тарихы саласындағы танымдық қызығушылықтарды дамыту; адамгершілікке тәрбиелеу. Кеш барысында біздің қонақтар өз пікірлерімен бөлісті, білім алушылар Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын келтірді.
