Ұстаздарды аттестаттаудың ережелері мен шарттарын түсіндіру.

Ағымдағы жылдың 6 наурызында «Қостанай Гуманитарлық колледжі» мекемесінде Ұстаздарды аттестаттаудың Ережелері мен шарттарын (бұдан әрі -Ереже) түсіндірудің Республикалық күні аясында педагогикалық қызметкерлермен кеңес өтті. Аттестаттау Ережелерінің сұрақтарын талқылауға колледждің барлық ұстаздары қатысты. Кадр бөлімінің меңгерушісі Ережедегі өзгерістер жөнінде түсіндірді, «ескі» санаттардан жаңа санаттарға көшуге қатысты кейбір тармақтарды ашып айтты, ПББ ерекшеліктерін айта өтті, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді. Колледждің педагогикалық ұжымы жалпы Ереже жобасын қолдайды және педагогтердің білімін бағалауға өзгерістер енгізуге қатысты тілектерді ескеруді сұрады.

СЕРТИФИКАТТАУ

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған