25.01.2021 ж. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған әдеби диалог «Дара туғанданалардың біріеді».

25.01.2021 ж. Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған әдеби диалог «Дара туғанданалардың біріеді». Биылғы айтулы даталардың бірі Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай кітапхананың оқу залында, зум платформасы арқылы әдеби диалог болып өтті. Іс-шараның қонағы болған Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеуші, әдебиетші Серікбай Оспанұлы,бүкіл өмірін өзінің сүйікті халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арнаған Ұлы ұстаздың ғұмырнамасын баяндады. Ағартушының ұлы мұрасынан сусындап өскен жас буын, Қостанай гуманитарлық колледжінің студенттері әдеби диалог барысында, ақынның өлең шумақтарын оқырмандарға тарту етті. Оқырмандар қазақ халқының сауатын ашқан Ыбырай Алтынсарин жайлы тың деректермен қаныққандарына ризашылықтарын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған