«Қостанай гуманитарлық колледж» мекемесінде 22 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі қарсаңында Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы Мукашева Гүлден Жумагалиевнаның ұйымдастыруымен «Тіл-ұлттың жаны» атты ашық жиын өтті. Бұл ашық жиынға колледждің 1-ші ауысымындағы орыс-қазақ топтарының 1-4-ші курс студенттері және де 2-ші ауысымдағы 2-3-ші курс студенттері ат салысты. Бұл ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты қызыл тілдің құдіреттілігі,халықтың рухани кәусар бұлағы- көркем сөздің қуатты күшін, мәнін, дәрежесін, байлығын түсіндіріп, оқушылардың интелектуалды ой-өрісін, білім деңгейін көтеріп,, танымдылық деңгейін өрістетіп, тіл байлығын, өз ойын жеткізуде сөйлеу шеберлігін жетілдіру болатын. Болашақ жас ұрпақты Отанды сүйуге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне, тіліне, тарихына сүйіспеншілігін артыруға тәрбиелеу.