Бүгін «Қостанай Гуманитарлық колледжі» мекемесі және Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі арасында меморандум аясында, «Ата-аналармен жұмыс жасаудағы ең жақсы тиімді тәжірибе» атты онлайн тренинг өтті.
Тренинг мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс- тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату. Ата-аналардың тәрбиешілерімен, балабақшамен тығыз байланысын арттыру, балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету, бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету.
Әдістер: сұрақ-жауап, пікір алмасу, психологиялық жаттығулар.
Тренинг барысы: «Сөйлемді жалғастыр» сәлемдесу жаттығуы. «Тентек шар» жаттығуы. «Күн шуағы» тренингі «Жер жаңғағы» жаттығуы Қорытынды.
Қызықты тренингтерді өткізуде тәжірибе алмасып, білім алушылар өз білімдерімен бөлісті. Тренинг ұйымдастырушыларға рахмет