Абаев оқулары

«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесінде 20 қараша күні сағат 11:00-де қала аралық Абай оқулары байқауы өткен болады. Жалпы алғанда Қостанай қаласы бойынша 9 мектеп қатысты. Қатысқан оқушылар 9-11 сынып аралығындағы. Абай оқулары байқауы 3 кезеңді қамтыды. 1 кезең- «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» бойынша  1 орынды Малибеков Аділет Қостанай қаласының № 115 орта мектебі, 2 орынды Ерлібекқызы Дидар №29 ОМ, 3 орынды Турымбетова Жұлдыз Темирхановна Қостанай қаласының М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектеп оқушысы иеленді. 2 кезең- «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» бойынша 1 орынды Аманжол Меруерт Қостанай қаласының № 10 орта мектебі, 2 орынды Сейтқан Рахат Мұратұлы Қостанай қаласының М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектеп, 3 орынды Жүніс Балауса 115 орта мектеп оқушысы иеленді. 3 кезең-«Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» бойынша 1 орынды Аубакирова Анель Қостанай қаласының №10 орта мектебі, 2 орынды Дюсекеева Асем Ғ.Қайырбеков атындағы №9 орта мектеп иеленді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған