Ашық есік күні

«Қостанай гуманитарлық коледжі» мекемесінде 2017-2018 оқу жылына мектеп түлектерінің мамандықты дұрыс таңдау жасауына кәсіптік бағыт бағдар беру мақсатында 19.04-20.04 –да «Ашық есік күнін» ұйымдастырды. Оған қала және жақын ауылдардың мектеп түлектері шақырылды. Екі күнде барлығы 342 оқушы келді. Ашық есік күні барысында оқушылар колледждің оқу кабинеттерін аралап, «Талапкер – 2018» презентациясы көрсетіліп, болашақ талапкерлерге техникалық, педагогикалық және гуманитарлық мамандықтары бойынша ақпарат берді. Сонымен қоса оқуға қабылдау ережелері таныстырылды. Колледж қабырғасында білім алып, қазіргі таңда өз білімдерін тәжірибемен ұштастырып жүрген осы оқу орнының түлектері Еспанова Ақмарал, Кужамбетова Айнұр, Бекмурзина Лейлаға сөз кезегі беріліп, өздерінің таңдаған мамандықтары туралы баяндады. Мамандықтары ұнайтынын колледжде алған білімдермен балабақшаларда және мектептерде жұмыс істеп жатқандарын айтып өтті. «Ашық есік күні» мектеп түлектеріне колледж студенттерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт қойылып, буклеттер таратылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған