Білім күні

1 қыркүйек күні «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесінде Білім күніне арналған салтанатты линейка өтті. Білім күні барлық колледж студенттері үшін маңызды күн, бірақ бірінші курс студенттері үшін бұл ерекше күн, өйткені бүгін олар үшін жаңа, жауапты, қуаныш пен жаңалықтарға толы уақыт басталады.
Сапта жиналғандарды мерекемен колледж директоры Е.Ж.Айтмағамбетов құттықтап, студенттерге білім алуға, жаңа жетістіктерге жетуге және өз елінің лайықты азаматы болуға талпынуларына тілектестік білдірді
Саптың соңында колледжде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриоттық сезім» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізілді.
Биылғы оқу жылында колледжіміз көптеген талантты, дарынды студенттерді, спортшыларды, белсенділерді қабылдады. Бұл жоғары курс студенттерінің орнын басатынына және колледжіміздің абыройын асқақтататынына сенімдіміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған