Әдістемелік апталық өтеді

Педагогикалық еңбек –нағыз шығармашылық еңбек.  Педагогикалық ұжымның қызметіндегі бұл бағыт педагогты шығармашылық еңбекке деген құштарлығын арттырады. Білім беру жүйесінің алғашқы қадамы мектепке дейінгі ұйым, балабақша болғандықтан болашақ тәрбиешілерді сапалы да жан-жақты  дайындауда, Қостанай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» циклдік әдістемелік комиссия оқытушылары өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарып келеді. 26-31 қазан аралығында   әдістемелік циклдік комиссиясының «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнын жаңарту және дамыту жолдары» тақырыбында апталық ұйымдастырылады. Арнайы пәндер  оқытушылары апталықта ашық сабақтар мен қатар тәрбиелік іс-шараларды қащықтықтан өткізуді жоспарлады.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығында оқып жүрген студенттер!!! Әдістемелік апталыққа белсене ат салысайық!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған