Елбасы Жолдауы болашаққа деген сенімді нығайтады

2018 жылдың 13 қаңтар күні Қостанай гуманитарлық колледжі ұжымы 2018 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын талқылап, ой-пікірлерін ортаға салды. Жиын барысында колледж директоры А.Б.Байешов маңызы зор стратегиялық құжатта келтірілген мемлекетіміздің дамуын айқындайтын маңызды бағыттарға және Елбасы Жолдауының жетінші негізгі міндетіндегі білім саласында адами капиталды дамыту, білім сапасын арттыру, қоғамда мұғалім мәртебесі мен беделін көтеру мәселелеріне тоқталды. Қоғамдық пәндердін оқытушылары Тортаева.Д.Ж. мен Досмағанбетов.С.Ж. Елбасы Жолдауындағы әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына жедел ену үшін жүзеге асырылуға тиісті 10 міндетті атап өтті. Бұл міндеттердің барлығы да қоғамның экономикалық, саяси, рухани және әлеуметтік жақтарының өзекті мәселелерін қамтитыны жайлы жан-жақты баяндады. Жиын барысында директордын оқу және өндірістік ісі жөніндегі орынбасары М.М.Бимендинова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауындағы 10 негізгі міндеттің 7-міндеті «Адами капитал-жаңғыру негізі» деп аталған бағытта , білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгеріске үнемі бейім болу, білімді меңгеру қабілетін дамыту болуы қажеттігін айтты.Адами капиталды рухани жаңғырту мақсатында нақты тапсырмалар беріп, міндеттер жүктегендігін айтты. Жолдауда бүгінгі қоғамның өзекті мәселеcі – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген, халықаралық стандарттарға сай келетін жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алған, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу екендігі баса айтылады. Елбасы Жолдауын талқылауға арналған жиында колледж оқытушылары Жангужина З.М. Акжанова Г.Т, Искакова Г.К,Сайдова Г.С және тағы басқалар. Дамудың 10 бағытын айқындаған Жолдау – жаңа мақсаттарға жетелейтін ең басты құжат болып табылатынын айтқан колледж директоры А.Б.Байешов Жолдаудағы Елбасы тапсырмасының жоғары деңгейде жүзеге асырылуына белсенді атсалысуға шақырды. Жиын соңында колледж оқытушылары Елбасы Жолдауын толық қуаттайтындықтарын білдірді.

Қостанай гуманитарлық колледжінің қоғамдық пәндердін оқытушысы: Досмағанбетов С.Ж.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған