«Кәсіптік құзыреттілікті арттыру – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» облыстық педагогикалық оқулар туралы ақпарат.
2018 жылы 23 ақпанда ММ «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» қолдауымен «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстық «Кәсіптік құзыреттілікті арттыру – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» педагогикалық оқуларды өткізді. Педагогикалық оқуларды өткізу педагогикалық ғылымның және тәжірибенің шоғырлануына,педагогикалық зерттеудің оқыту тәжірибесінде тиімділігін арттырады. Педагогикалық оқулардың мақсаты- оқытушылардың педагогикалық шеберлігін арттыру,білім алушыларды оқытуда және тәрбиелеуде кең тараған озық инновациялық тәжірибелерді тарату. Педагогикалық оқулардың мақсаттары мен міндеттерін шешу үшін пленарлық отырыс және секция жұмыстары бес бағытта ұйымдастырылды:
• жаңғыру жағдайында мектеп пен мектепке дейінгі білім берудің мазмұнын жаңартудың қазіргі мәселелері мен келешегі;
• білім беру ұйымдарында кітапханаларды басқарудың қазіргі заманғы түрі мен мазмұны;
• жас педагогтардың колледжде ғылыми-педагогикалық тұрғыдан дамуы, кәсіби өсуі;
• өздігінен білім алу – кәсіби құзыреттілігін арттырудың бір түрі;
• «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру призмасы арқылы рухани-адамгершілік білім беру. Педагогикалық оқуларға барлығы 163 адам қатысты – 24 колледжі оқытушылары, облыс және қала мектептерінің мұғалімдері, колледжі, мектеп және Л.Толстой атындағы ОҒӘК қызметкерлері. Педагогикалық оқуларға қатысушылар жеке жұмыстарымен қатар, авторлық ұжымдардың жұмыстарында ұсынды. Әрбір жоба он критерий бойынша (ондық балл жүйесінде) бағаланды. Педагогикалық оқуларға қатысушыларды іріктеу Сараптамалық Кеңес ең көп балл жинағы бойынша бағалады. Қатысушылар Педагогикалық оқуларға қатысқандарын растайтын дипломдармен, сертификаттармен марапатталды. Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару ұйымдастырылады.