«Модульді-құзіретті тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыру» курсы

 2019 жылдың 13-18  қаңтар аралығында  «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесінде «Модульді-құзіретті тәсіл негізінде әзірленген техникалық және кәсіби білім беру бағдарламаларын іске асыру»  тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Ұйымдастырушылар:Кәсіпқор холдингі коммерциялық емес АҚ.

Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі – оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, оқытушы шығармашылықпен айналысу керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.Біліктілікті арттыру курсы 5 күнге созылды. Әр күн 5 модульге арналып оқытылып отырды.Курс барысында көптеген өзгерістер мен енгізулерді жасай отырып тәжірибеде қорғап отырдық. Модульдік оқу бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын жобалау пәндер және оқу қыз- метінің түрлері жөніндегі жұмыстық оқу бағдар- ламалары мазмұны мен құрылымын сипаттауды анықтаудың дәстүрлі тәсілдемесінен едәуір ерек- шеленеді.Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде модульдік-құзыреттілік тәсілді қолдану және модульдік оқытуды енгізу қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйелерінің өзекті міндеті болып табы-лады. модульдік оқу бағдарламасы – бір мамандық шеңберінде кәсіптік қызметтің белгілі түрлерін орындауға қажетті білімді, шеберлікті және     құзыреттілікті меңгеруге бағытталған білім беру бағдарламасының бөлігі.