«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» циклдік комиссиясының әдістемелік апталығында өткен оқу-тәрбие іс-шаралары туралы

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ЦӘК бірлестігінің әдістемелік апталығы11.11-16.11.2019. аралығында «Мектепке дейінгі ұйымның болашақ педагог- тәрбиешісінің сана ашықтығын дамыту және қалыптастыру» тақырыбында жоспарға сай өз деңгейінде ұйымдастырылды.

Апталық аясында арнайы әдістемелік пәндер бойынша студенттердің танымдық қабілетін арттырып, пәнге деген қызығушылығын тереңірек дамыту мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілді. Апталық барысында ашық сабақтармен қатар, тәрбиелік іс-шараларда ұйымдастырылды.Апталықтың  ашылуы 11.11 күні «Білім берудегі бес сала» тақырыбында сөзжұмбақтар мен дидактикалық ойындар  мен ребустар шешумен басталды.Арнайы пәндер оқытушылары – Жукеева Д.Б. Дитаева Д.М. Сулейменова М.Е. Нуржанова Б.Т.Ергазина Б.К. өткізген әр ашық және фестиваль сабақтары мен қатар тәрбиелік шаралары жоғары деңгейде өтіп, топ студенттерініңкәсіби біліктіліктерін арттырып, интеллектуалды  қабілеттерін аша біліп, теориялық және практикалық   білім деңгейінің көрсеткіштерінің жақсы жолда екені анықталды.

Апталықтың қорытынды бойынша белсене қатысқан 2мдт-24, 3мдт-17,3мдт-18 және 2 дв-22 мен 3 дв-19 топтары мадақтамен марапатталды.

 

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ЦӘКП:Ергазина Б.К.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған