«Сырбайдың сырлы әлемі» атты әдеби кеші

2022 жылдың 16 қыркүйегінде «Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, магистр Нұржан Гүлжанат Түйебайқызы және 2НОБ-12 тобының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының халық жазушысы Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына арналған «Сырбайдың сырлы әлемі» атты әдеби кеш өткізді. Кешке Сырбай Мәуленовпен қызметтес болған ақын, жазушы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры Ақылбек Қожаұлы Шаяхметов және Л.Толстой атындағы облыстық кітапхананың өлкетану бөлімінің меңгерушісі Нурмаганбетова Алматай Тойманқызы, кітапханашы Сейіл Жұлдызай Есенбекқызы қатысты. Әдеби кеш барысында студенттер Сырбай Мәуленов туралы әдеби тың естеліктермен танысып қана қоймай ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды, сырлы ақынның сөзіне жазылған «Соғыстан қайтқан солдаттар» әнін хормен орындады. Кеш соңында студенттер облыстық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған Сырбай Мәуленовтің шығармаларынан құрастырылған көрмемен танысты. Іс-шараны қортындылауда колледж директорының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Алекешова Канагат Анварбековна әдеби кеш қонақтарына алғысынын айтып, студенттерге жылы лебізін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған