ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ.

Елдің атын әлемге танытып,өз заманында  жаҺандық жұртшылығын елең еткізген Ұлттық ғылымның ұлы  тұлғасы,сегіз қырлы,бір сырлы талант иесі Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120-жыл толуына орай өткізілген халықаралық қашықтык байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болған Қостанай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейіңгі тәрбие және оқыту  мамандығының» 3МДТ-17 тобының студенті Орынбаева  Гүлбану Жетибаевна жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз.

Сәтбаев университеті «UNIQUM» қаңтар-ақпан айы жорналының №13 (59) мақаласы шықты.

 

Автор: Орынбаев Гулбану Жетибаевна

Қостанай гуманитарлық колледжі

 

Қ.И.Сәтбаев өмірі жастарға үлгі

Қаныш қазақ топырағында туып, халқының сүтін ішіп, ер жетті де, сол халқының даңқын бүкіл әлемге көтерді. Өзі де сол шеңберде қалып қойған жоқ, дүние жүзіне белгілі болды.

(І.Омаров).

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев! Бұл – ғаламшарға айналған ғажайып тұлға.Елінің Баянауыл секілді баянына,Ұлытау секілді ұранына телінген есім. Оның ұлылығының дәмі асыл әулетпен сол туған жердің құнарлы топырағына өніп өскен.Ал, Қаныш деген тегін таратар шежірені қолға алсаңыз Бұхар жырау Қалқаманұлынан бастау алып, Шоқан, Жая Мұса, Сегіз сері, Сұлтанмахмұттармен көшін – көлікті, төрін көрікті еткен, бергі жағы Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан, Олжастарға қарай тармақ – тармақ, тарам – тарам соқпақ тартатын, халқына небір аймандай арыстанды сыйлаған, бақ қонып, қыдыр дарыған елден екеніне көз жеткісіз. Сол құлашын кең жайған сүйкімді бәйтеректің мәуелі бір бұтағы – Қаныш. Ол халқының асыл қасиетін зердесіне сіңіріп, ертегі, аңыз, батырлар жырлап, жаттап өскен қимақұлақ ұл тегіне таратып туған азамат.

Ғаламдық ғылымда Қаныш шоқжұлдызынының жарқырағаны әлемге әйгілі. Ал, оның есімін елінің етене тұтуы оның салалы еңбегінің жапырақтай жайқалып, сол халыққа сая болуында.Сол қыруар еңбектің бір парасы мұхитқа құйған жылғадай ел жүрегіне жетіп жатқан халқымыздың фольклоры мен әніне қатысты.Қазақ батыр болар баланы бесігінде танитын халық.Қаныштың жас бүркіттей қанатын қомдануына Абай, Шоқан, Ыбырай аз әсер етпеген.Ол Абай өлеңдерін жанымен сүйген.Шоқанның Қостанай өңіріндегі ақын – жыраулардың қолынан жазып алған әйгілі Ер Едіге жайлы дастанды қазақшаға аударды.Ол еңбекпен айналасуына тіліміздің тазалығына деген қамқорлығы, ыстық ынтасы әкеліп отыр. Жалпы, Қаныштың өнерге деген ілтипатының қалыптасуы бала күнінде Сарыарқаның шұрайлы пұшпағындай қасиетті Баянауылдан, ерке қыздай сылаңдаған Ертістің ерке толқындарынан бастау алғандай көрінеді де тұрады. Думан  тойы тарқамайтын осы ауылда ақын, жыраулар, әнші, термешілер жиі бас қосатын еді. Бала Қаныш жергілікті дәстүр бойынша «Алтыбасар», «Мұстафа», «Ырғақты» секілді ән төрелерін сәби күнінде үйренген болатын.

Керекудегі орыс – қазақ училищесінде оқыған жылдары Қаныш өзінің ән репертуарын кеңейтіп, домбырамен қос шертіп, мондаин секілді аспаптарды шебер ойнаға машықтанады, ол скрипка да тарта біліпті. Семей мен Томскіде оқыған жылдарында концерттер мен кештерге қатысып, Абай, Мұстафа әндерін бабына келтіре, шегіне жеткізе орындайтын. Қаныштың халық әніне деген құрметі анасының бесік жырынан басталып, көз жұмғанша толастамады. Қуанса да, қиналса да ән асыл досы, айнымас серігі боп кетті.Қаныштың ауқымды да биік, қаз дауысты, қобыз үнді, сырнайдай созылмалы қоңыр сарынына, мәнері мен маңызы қабысқан орындаушылық әсем әдісіне сүйсініп, әншілік өнерін қазақтың ұлы әншісі Әміре Қашаубаевтың өзі жоғары бағалаған. Затаевич Баянауыл әндерінің бұрын хатқа түспеген шоғырын Қаныштың аузынан жазып алу керектігі жөнінде ұсыныс білдірген Әміре екені анықталап отыр. Болашақ академик туған халқының әні мен күйінің керемет тыңдарманы, һәм шежіресі болған.1923 жылы Қ.И.Сәтбаев «Қазақ тілі» газетіне «Обаған әні» туралы мақала жариялады.Ал, 1926жылы А.В.Затаевичтің өтінішімен Мәскеуде домбырамен сүйемелдеп, Баян өңірінің 25 әнін, 500 ән-күй жинағын әзірлеу үстінде де Қаныш өз ақыл-кеңесін аямаған. Бұл 1931 жылы болған.

«Айтушылар егеді, тыңдаушылар орады» – деген мақал бар емес пе?! Қаныш ағамыз нотаға түсіріп, мәңгі өлмес ән егісін толқытты, еліміздің аыл мұрасын өлместікке жеткізді. Қаныштың осы еңбегін бағалаған Қазақстанның халық әртісі А.В.Затаевичтің өзі «Баянауыл әндерінің тамаша білгірі мен жақсы орындаушысы» – деп сүйсіне бағалаған. 1927 жылы Еңбекші қазақ газетіне жарияланған қазақтың ұлттық театры туралы мақаласында Әміре Қашаубаев пен Иса Байзақовтың ән орындау мәнеріне баға беріп, кеңінен толғанады. Міне, осының бәрін қосып айтқанда Қаныш Сәтбаев және музыка деп арнайы кітап шығару ұлтымыздың өнер туын желбірете түспек. Қаныш Имантайұлының ғұмыры әрдайым қуаныш пен шаттықтан тұрмағаны белгілі. Бірақ, қашанда ол қазақ фольклоры мен әдебиеті, мәдениеті мен ән-күйінің жанашыры да, насихатшысы да болған. Және, айта кетерлік бір шындық: ол қай мәселені қолына алса да, оны жақсы байыптап, биік дәрежеде бітіруге тырысқан.

Академик Ахмет Жұбанов Қаныштың небір жақсы қасиеттерін айта кетіп, «Әрине, Қанышты дұрыс тану үшін, біз ғылым, білім және өнер қызметкерлері туралы көп оқуымыз керек».Қашекең бастаған игілікті дәстүрлерді жалғастыруымыз керек. Халқы, туған жері үшін осындай ұлы істерді жасап кеткен Қаныш атамызға бас иемін. Болашақ өсіп келе жатқан жастарға да елімізді әлемге танытатын, туымызды биік көтеретін азамат, азаматша болуын тілеймін.

Жетекшісі: Досмаганбетов С.Ж.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған