Үздік ұстаз

МЕШЕЛОВА РОЗА ЖАРАСБАЙҚЫЗЫ «Қостанай гуманитарлық колледжі»мекемесінде орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушысы,жоғары санатты,магистр,терең  теориялық білімді,сабақ беру әдістемені, озық педагогикалық технологияны,өз қызметінде психология-педагогикалық негізде талдауды меңгерген.

Өз міндетін білім беруді жаңғырту жағдайында тез бейімделе алатын дербес тұлғаны дамытуда көреді. Педагог белсенді инновациялық – зерттеу қызметімен ерекшеленеді. Ол үш оқу құралының авторы, «Синтаксис», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Қазіргі орыс тілі сабағында лингвистика түрлерін қолдану», «Орыс әдебиетінен»ОӘҚКжәне қазақ әдебиеті бойынша «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» электронды оқулық . Мешелова Роза Жарасбаевна 20-дан астам халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың, Педагогикалық оқулардың, семинарлардың қатысушысы. Оның 17 жұмыстары Ресей, Белоруссия және Қазақстан конференцияларының жинағына енді.

Оқытушының педагогикалық табыстары 26 мақала болып «Білім беру ұйымының әдіскері», «Русский язык и литература», «Профильная школа», «Внеклассная работа», «Профессионал Казахстана», «Мәртебелі маман», «Педагогическая наука и практика» ғылыми-республикалық журналдарда, «Учительская плюс», «Қостанай таңы», «Қостанай» газеттерде және «Продленка», «Инфоурок», «Мультиурок» саиттарда  жарияланған. 2 дәрежелі дипломмен ол үздік мақала және Үздік портфолио бойынша халықаралық конкурста, облыстық байқауда 1 -дәрежелі дипломмен, республикалық әдіскерлер конкурсында 2- орын алды.

Мешелова Р. Ж. «Қазақстан мақтанышы: Білім және ғылым», «Алтын кітап» энциклопедияларына, «100 ең үздік есім»Алтын кітабына енгізілген. Педагогтың еңбегі «Үздік ұстаз» төс белгісімен, «Ұлағатты ұстаз» медалімен, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамотасымен, Қостанай облысы әкімінің грамотасымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мешелова Роза Жарасбайқызы екі жыл қатарынан Республикалық «Үздік педагог»конкурсының екінші облыстық кезеңінің жеңімпазы.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған