Колледж студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Аманат» дебат клубының «Жер тағдыры-адамзат тағдыры» тақырыбында турнирі өтті.

Колледж студенттерінің экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Аманат» дебат клубының «Жер тағдыры-адамзат тағдыры» тақырыбында турнирі өтті.
Қазіргі таңда әлемде көптеген экологиялық мәселелер бар екені белгілі. Күн сайын ауамыз ластанып, орташа жылдық температура көтеріліп, мұздықтар еріп, теңіздер толып жатыр. Егер адамдар осы қиындықтардың барлығын белсенді түрде шешпесе, жердің болашағына қауіп төнуі мүмкін.
Осындай қауіп бар болса да, біз әлі де бақытты нәтижеге үміттенеміз. Ол үшін ертеңге қалдырмай, дәл қазір әрекет етуіміз керек. Өйткені, жер шарында көптеген мемлекеттер мен халықтар бар. Иә, олар бір-бірінен діни сенімдерімен, этникалық қасиеттерімен, сөйлеу тілінің ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Бірақ барлығын біріктіретін басты нәрсе – адамзат, Ғаламшарға деген сүйіспеншілік пен құрмет!
Адамдардың сана-сезімі мен жер шарын құтқару жолындағы дер кезінде қолға алған шараларының арқасында жер бетіндегілердің әлі де талай ұрпақтары ашық көк аспан астында өмір сүретініне сенеміз. Біздің болашағымыз және планетамыздың болашағы тек өзімізге байланысты!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған