Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнын жаңарту және дамыту жолдары»
Мақсаты: Білімалушылардың танымдық қабілеттерін арттыруда жаңа
технологияны пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету және оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтиже: Сабақтарында сапалы оқытудың тиімді тәсілдерін пайдаланады, өзара әдіс алмасады.
2020 жылдың 26.10 -31.10.2020 күндері аралығында «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» циклдік әдістемелік комиссиясының апталығы өткізілді,және осыапталық барысында арнайы пәндердің оқытылу деңгейі,оқу бағдарламасының орындалуы , тәрбиелік іс-шаралардың жүргізілуі зерделенді. Апталық барысында бекітілген жоспар бойынша ұйымдастырылған іс-шаралар мен ашық сабақтар мен қатар фестиваль сабақтар тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы жаңартылған білім мазмұнына сай қашықтықтан «Зум» конференциясы арқылы өткізілді. Апталықта өткізілген сабақтардың ұйымдастырылуы мен формасы әр түрлі болды. Апталыққа ЦӘК барлық оқытушылары белсене қатысты. Оқу-тәрбие үрдісіне белсене қатысқан арнайы пәндер оқытушылары Калиева Л.Т. мен Дитаева Д.М. алғыс жарияланды.Ал топтар бойынша 3 мдт-24 тобы мен 1 Дв-25 тобының студенттері марапатталды.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ЦӘКП:Ергазина Б.К.
Сертификаттарды көру үшін басыңыз