Қызылша – жіті вирусты жұқпалы ауру. Қызылшадан ең тиімді қорғану – уақытылы вакцинациялау. Қостанай гуманитарлық колледжінде қызылшаға қарсы иммундау бойынша алдын-алу түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Алдын алу мақсатында колледж студенттеріне «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті «№5 емхана» ЖШС эпидемиолог-дәрігері Мукабенов Д.А. колледждің білім алушыларына қызылша ауруының қоздырғыштары, эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, емдеу әдістері, алдын алу, эпидемия ошағында шараларды дұрыс жүргізу туралы ақпарат берді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Қостанай гуманитарлық колледжінде қызылшаға қарсы иммундау бойынша алдын-алу түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
