Қостанай гуманитарлық колледжінде қызылшаға қарсы иммундау бойынша алдын-алу түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Қызылша – жіті вирусты жұқпалы ауру. Қызылшадан ең тиімді қорғану – уақытылы вакцинациялау. Қостанай гуманитарлық колледжінде қызылшаға қарсы иммундау бойынша алдын-алу түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Алдын алу мақсатында колледж студенттеріне «Қызылшаның алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды. Дәрісті «№5 емхана» ЖШС эпидемиолог-дәрігері Мукабенов Д.А. колледждің білім алушыларына қызылша ауруының қоздырғыштары, эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, емдеу әдістері, алдын алу, эпидемия ошағында шараларды дұрыс жүргізу туралы ақпарат берді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Қостанай гуманитарлық колледжінде «Құқықтану» мамандығының оқушылары үшін Қостанай облысы Әділет департаментінің бас маманы С.С.Айтовамен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және оның пайда болу себептері» тақырыбында семинар өткізілді

Қостанай гуманитарлық колледжінде «Құқықтану» мамандығының оқушылары үшін Қостанай облысы Әділет департаментінің бас маманы С.С.Айтовамен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не және оның пайда болу себептері» тақырыбында семинар өткізілді, оның барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру тетіктері саясаты, мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды шарты ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру туралы талқыланды..
Семинардың негізгі мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын дамыту.
Семинарды ұйымдастырушылар: Султанова Б.К., Кулжанова Б.Т.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған