WorIdskills Kostanay 2020 конкурсы

«Қостанай педагогикалық колледж»  ұйымдастырылуымен 28-30 қазан аралығында аймақтық «WorIdskills Kostanay -2020»  конкурсы өткізілді. Қостанай гуманитарлық колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 4 курс студенті Депершмидт Диана айтулы конкурсқа белсене қатысып, болашақ мамандығының қырларымен сырларын жетік қалыптастырған білімді студент екенін айқындап, жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Конкурс қатысушысына қолдау көрсетіп, қойылымдарға белсене қатысқан 4 ДВ-19 тобының студенттері Кужахметова Айгерим , Сайфутдинова Диана және 3 мдт-24 тобының студенті Мухаметкалиева Дария өздеріне болашақ маманға кәсіби қызметте пайдалы болатын баға жетпес тәжірибе жинақтады. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ЦӘК атынан колледж ұжымына және арнайы белсене ат салысқан «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ЦӘК оқытушыларына алғысымды айтамын.

Барлық қатысушыларды құттықтаймын! Шығармашылық өрлеу мен толағай табыс тілеймін.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» ЦӘКП: Ергазина Б.К.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған